---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2024/04/26/v-zhetisu-planiruetsya-zavershenie-4-h-proektov-vozobnovlyaemyh-istochnikov-energii/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# В Жетісу планируется завершение 4-х проектов возобновляемых источников энергии

![В Жетісу планируется завершение 4-х проектов возобновляемых источников энергии](https://optimism.kz/app/uploads/2024/04/92110a8404e7f13991544c656ec113a3_original-282651.jpg)

Фото: Акимат области Жетісу

Биыл Жетісу облысында жаңартылған энергия көздерін дамыту бағытында  құны 21,6 млрд. теңге болатын 4 жобаны аяқтау көзделіп отыр. Олар Көксу, Ескелді және Сарқан аудандарында іске асырылады, — ***деп хабарлайды Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.***

Облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының мәліметіне қарағанда, аймақ көлемінде электр энергиясының белгіленген қуаты 234,5 МВт, яғни жаңартылған энергия көздерінен – 210,5 МВт, Текелі қаласының ЖЭО — 24 МВт.

Мәселен, өткен жылы электр энергиясын тұтыну 1,9 млрд. кВт*сағатты құраса, соның ішінде электр энергиясының жергілікті өндірісі — 630,5 млн. кВт*сағ болған, ал 1,3 млрд.кВт*сағат басқалардан сатып алынды. Бұл ретте жаңартылатын энергия көздерінен өндірген электр энергиясының көлемі 472,6 млн. кВт*сағ немесе өз өндірісіміздің 75% үлесін құрайды.  

«Бүгінгі таңда белгіленген қуаты 210,5 МВт жаңартылатын энергия көздерінің 15 нысаны жұмыс істейді. Олар Ақсу, Ескелді, Сарқан, Алакөл аудандары мен Текелі қаласында орналасқан. Сол сияқты биыл осы бағыттағы 4 жобаны аяқтау көзделіп отыр. Атап айтқанда, Көксу ауданында 7 МВт-тық 1 ГЭС , Ескелді ауданында қуаты 26 МВт 1 ГЭС  және Сарқан ауданында жалпы қуаты 13,1 МВт 2 ГЭС  салынуда.  Олардың белгіленген қуаты 46,1 МВт, жалпы құны 21,6 млрд. теңге», — делінген басқарманың хабарламасында.

  

**Жетісу облысы әкімінің баспасөз қызметі.**

 

---

Опубликовано: 2024-04-26T10:35:06+05:00

Обновлено: 2024-04-26T10:35:06+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Общество](https://optimism.kz/category/obshhestvo/)

Метки: [Жетісу](https://optimism.kz/tag/%d0%b6%d0%b5%d1%82%d1%96%d1%81%d1%83/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2024/04/26/v-zhetisu-planiruetsya-zavershenie-4-h-proektov-vozobnovlyaemyh-istochnikov-energii/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».