1xbet.kz Акция!

9 445 тұрғын үй мен 3 186 аула аумағынан судың бағыты бұрылды


Атырау облысының Құлсары қаласында, Солтүстік Қазақстан облысының Петропавл қаласы мен Қызылжар ауданында су басқан аумақтардан су сору жұмыстары тәулік бойы жалғастырылуда. Өзендердегі су деңгейіне мониторнинг жүргізілуде. Ақтөбе облысы Ырғыз ауданының Құйлыс, Белшер, Жайсаңбай ауылдарында бөгеттерді нығайту жұмыстары, Торғай өзені су деңгейіне сағат сайын мониоринг жүргізілуде. Жағдай ерекше бақылауда. Бұл туралы ҚР ТЖМ өкілі Асқар Шәріп ОКҚ алаңында хабарлады. 

«Республика бойынша 9 445 тұрғын үй мен 3 186 аула аумағынан судың бағыты бұрылып, су сорылды. 15,8 млн еріген қар суы сорлды. 50 мыңнан астам адам өз үйлеріне оралды. 5 568 адам уақытша орналасу пунктерінде. Авариялық-құтқару және су тасқынына қарсы жұмыстарға 11 502  адам, 1 298 техника, 329 су сору құралы және 68 жүзу құралы, 6 әуе кемесі жұмылдырылды», – деді спикер.



Source link

Рекомендуем