---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2024/09/09/qazaqstandyq-eki-sportshy-mas-restlingten-qolda-zhuelde-ielendi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕКІ СПОРТШЫ МАС-РЕСТЛИНГТЕН ҚОЛДА ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ

![ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЕКІ СПОРТШЫ МАС-РЕСТЛИНГТЕН ҚОЛДА ЖҮЛДЕ ИЕЛЕНДІ](https://optimism.kz/app/uploads/2024/09/1779f3dc1b0cdf364d4916a1c78ede52_original-153134.jpg)

Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан

Бүгін саха халқының ұлттық спорты мас-рестлингтен медальдарды сарапқа салынды. Қазақстандық екі спортшы қолда жүлдеге ие болды.

Мас-рестлингтен ерлер арасында 65 келі салмақ дәрежесінде Бірімжан Асылмұрат үшінші орынға таласты монголиялық спортшы Тцеренцогол Пуревсуренмен кездесіп, қарсыласынан 2:0 есебімен басым түсті. Осылайша, Асылмұрат V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарын қолда жүлдесін қанжығалады.

Одан бөлек, әйелдер арасында 55 келі салмақ дәрежесінде отандық спортшы Тахмина Қожамбердиева үшінші орынға таласта Мажарстаннан келген қарсыласын 2:0 есебімен тізе бүктірді. Тахмина Қожамбердиева Қазақстан қоржынына мас-рестлингтен екінші медаль салып отыр.

Айта кетейік, V Дүниежүзілік көшпенділер ойындары аясында мас-рестлингтен 31 мемлекеттен 98 спортшы бағын сынап жатыр.

---

Опубликовано: 2024-09-09T15:55:08+05:00

Обновлено: 2024-09-09T15:55:08+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Спорт](https://optimism.kz/category/sport/)

Метки: [Министерство туризма и спорта Республики Казахстан](https://optimism.kz/tag/ministerstvo-turizma-i-sporta-respubliki-kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2024/09/09/qazaqstandyq-eki-sportshy-mas-restlingten-qolda-zhuelde-ielendi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».