БЕС АСЫҚТАН ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ АЛТЫН ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан

Бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы 5-ші Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының жеңімпазы атанды.
 
А тобында қарсылас шақ келтірмей алғашқы орынмен ақтық сынға жолдама алған Қазақстан қыздар құрамасы Ресеймен бақ сынасты. «Алау» мұз айдыны кешенінде өткен финалдық ойында отандық спортшылар қарсыластарын 3:0 есебімен тізе бүктірді.
 
Айта кетейік, бес асықтан Қазақстан қыздар құрамасы топтық кезеңде Қырғызстан, Мажарстан, Швеция және Румыния құрамаларын 3:0 есебімен жеңіп, финалға жолдама алған болатын.

Exit mobile version