ҰШҚЫР БӘЙГЕ: 2400 МЕТРДЕ ҮШ ЖҮЛДЕНІ ДЕ ҚАЗАҚСТАНДЫҚ ЖҮЙРІКТЕР АЛДЫ

Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан

Ұшқыр бәйгеден 2400 метр жеңімпаздары анықталды. Ұшқыр бәйгеден 2400 метрлік аралықта шапқан 5 дөненнің (3 жасқа дейінгі) арасында желтұяғы анықталды.

2400 метрге шапқан сәйгүліктер арасында да алғашқы үштікті Қазақстан жүйріктері иеленді. Мәре сызығын алғашқы болып «Берил Рэйсер» келсе, екінші орынды «Адай» иеленді. Ал үздік үштікті «Роузлайн» түйіндеді.

1-орын: Берил Рэйсер, жокей әрі бапкері – Асланбек Байкенов, ат иесі – Бақтияр Байзақов (Қазақстан).

2-орын: Адай, жокей – Мырзабек Қаппұшев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тілек Мұханбетқалиев,(Қазақстан);

3-орын: Роузлайн, жокей әрі бапкері – Дәурен Жүсіпов, ат иесі – Қарабай КФХ (Қазақстан).

Exit mobile version