ҰШҚЫР БӘЙГЕДЕН ҮШ ЖҮЙРІК ЖҮЛДЕ АЛДЫ

Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан

Ұшқыр бәйгеден 1600 метр жеңімпаздары анықталды.

1600 метрлік тызетпеде мәре сызығын әйгілі Кабирханның иесі Тілек Мұханбетқалиевтің «Шағала» атты жүйрігі бірінші болып кесті. Екінші орында Қазақстанның тағы бір жүйрігі «Арлан» иеленсе, үздік үштікті де еліміздің жүйрігі «Струна» түйіндеді.

1-орын: Шағала, жокей – Рамазан Табылдиев, бапкері – Нұржігіт Табылдиев, ат иесі – Тілек Мұханбетқалиев (Қазақстан);

2-орын: Арлан, жокей – Мырзабек Қаппұшев, бапкері – Тұрғанжан Юлдашев, ат иесі – Мерхат Бұлғынов  (Қазақстан);

3-орын: Струна, жокей – Расул Алпысбай, бапкері – Есбол Нұрасылов, ат иесі – Асылан Жиембет (Қазақстан).

Exit mobile version