Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан
9 шақырымдық жорға бәйгеде Қазақстан сәйгүлігі екінші келді. Жорға жарысқа 18 шабандоз қатысты. Қырғызстандық «Чиксон Лок» мәре сызығын бірінші болып кесті. Қазақстан сәйгүлігі «Ақ жауын» екінші болып келсе, қырғыз тұлпары «Императрица» үштікті түйіндеді.
1-орын: Чиксон Лок. жокей әрі бапкері – Чубан Жайлообекуулу, ат иесі – Жақыпбек Қарыпбеков (Қырғызстан);
2-орын: Ақ жауын. Жокей – Ербұлан Тілеуғалиұлы, бапкері – Шабдан Алмазбекұлы, ат иесі – Қымбат Тілеуғалиұлы (Қазақстан);
3-орын: Императрица. Жокей – Нурэл Иранов, бапкері – Чубан Жайлообекуулу, ат иесі – Омурбек Бабанов (Қырғызстан).