Орталық мемлекеттік органдар арасындағы спартакиада: Кім топ жарды?

Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан

18-22 қыркүйек аралығында 27 команданың қатысуымен QAZAQSTAN жеңіл атлетика спорт кешені мен «Сарыарқа» велотрегінде орталық мемлекеттік органдар арасында республикалық спартакиада өтті.

Жарыс барысында қатысушылар шахмат, тоғызқұмалақ, қол күресі, қазақ күресі, үстел теннисі, волейбол, шағын футболдан үздіктерді анықтады.

Жалпы жүлде кестесі:

1️. ҚР Парламенті

2️. ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігі

3️. ҚР Сот әкімшілігі

4️. ҚР Туризм және спорт министрлігі

Жекелеген спортта чемпион атанғандар:

Тоғызқұмалақ – ҚР Парламенті

Үстел теннисі – ҚР Парламенті

Қол күрес – ҚР Туризм және спорт министрлігі

Қазақ күресі – ҚР Туризм және спорт министрлігі

Шахмат – ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігі

Волейбол – ҚР Ұлттық экономика министрлігі

Шағын футбол – ҚР Қаржы министрлігі.

Exit mobile version