Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан
Үстел теннисінен 6-13 қазан аралығында Астана қаласындағы Beeline Arena спорт кешенінде Азия чемпионаты өтеді.
Қазақстан спорттың бұл түрінен алғаш рет құрлық додасын қабылдайды. Бір аптаға созылатын бәсекеде 7 жүлде жиынтығы сарапқа салынады. Құрлық жарысы болғанымен, деңгейі әлем чемпионатынан еш кем түспейді.
Париж Олимпиадасында 5 жүлде жиынтығына 60 ел талас жүргізсе де, тек 6 мемлекет тұғырдан көрінді. Олардың арасында Азия құрлығынан Қытай, Жапония, Солтүстік Корея мен Оңтүстік Корея бар.
Қазақстаннан 10 спортшы қатысады: Кирилл Герасименко, Алан Құрманғалиев, Айдос Кенжеғұлов, Искандер Харки, Санжар Жұбанов, Сарвиноз Миркадирова, Зәуреш Акашева, Анастасия Лаврова, Әнел Бақыт, Ангелина Романовская;
XX ғасырдың ортасынан бері ұйымдастырылып келе жатқан айтулы бәсекеде бүгінге дейін тек 10 мемлекет жүлде алған.