---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2024/09/23/wkf-karate-zholaman-bighabyl-men-nurqanat-aezhiqanov-aziya-chempiony-atandy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# WKF каратэ: Жоламан Биғабыл мен Нұрқанат Әжіқанов Азия чемпионы атанды

![WKF каратэ: Жоламан Биғабыл мен Нұрқанат Әжіқанов Азия чемпионы атанды](https://optimism.kz/app/uploads/2024/09/df2700c958d640468111f28f4bdf6af3_original-154159.png)

Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан

Бүгін Қытайдың Ханчжоу қаласында WKF каратэден ересектер арасындағы XX Азия чемпионаты аяқталды.

Биыл құрлықтағы 30 елден таңдаулы 300-ден астам татами шебері күш сынасты. Бұл қатарда ел намысын кумите бағдарламасында 19 отандасымыз қорғады.

Нәтижесінде 2 алтын, 2 күміс және 1 қола медальге қол жеткізді. Финалда Жоламан Биғабыл (-55 кг) Омар Шакраны (Иордания), ал Нұрқанат Әжіқанов (-75 кг) болса Кувончбек Мухаммадиевті (Өзбекстан) ұтып, өз салмағында жеңімпаз атанды. Нұрқанат жартылай финалда әлем чемпионы Бахман Аскари Гончехті айқын басымдықпен ұтқан (7-1).

Ақтық сынға шыққан тағы бір отандасымыз Әсел Қанай (-61 кг) күміс жүлдеге ие болды. Сонымен қатар кумитеден ерлер командасы 2-орын алды. Токио Олимпиадасының қола жүлдегері Софья Берульцева (+68 кг) қола медаль иегері атанды. Жарыс нәтижесі бойынша ерлер командасы әлем кубогына жолдама алды.

Қазақстан жалпы есепте Жапония мен Вьетнамнан кейінгі 3-орынға тұрақтады.

---

Опубликовано: 2024-09-23T18:12:08+05:00

Обновлено: 2024-09-23T18:12:08+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Спорт](https://optimism.kz/category/sport/)

Метки: [Министерство туризма и спорта Республики Казахстан](https://optimism.kz/tag/ministerstvo-turizma-i-sporta-respubliki-kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2024/09/23/wkf-karate-zholaman-bighabyl-men-nurqanat-aezhiqanov-aziya-chempiony-atandy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».