Футзалдан Қазақстан ұлттық құрама командасы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында сенсация жасады! Ойыншыларымыз Ташкентте 1/8 кезеңде қазіргі әлем чемпионы Португалиядан басым түсті.

Есеп: 2-1
«Хумо-Арена»
Голдар: Шыңғыс Есенаманов (10-минут, 1-0), Зики Те (1-1), Арнольд Кнауб (39 минут, 2-1)

Енді ширек финалда Қазақстан 3 қазанда Ташкентте Аргентина/Хорватия құрамасының бірімен кездеседі. Аргентина – осыған дейінгі әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

ҚАЗАҚСТАН – ПОРТУГАЛИЯ

Екі құрама осыған дейін 2021 жылы Литвада өткен Әлем Кубогының жартылай финалында кездесіп, пенальти сериясында Переней түбегінің өкілі жеңісті тойлаған.

Еске сала кетейік, Ұлттық құрама әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне D тобынан 2-орынмен шықты. Рикардо Кака баптайтын ойыншылар Испаниямен тең түсіп (1-1), кейін Ливияны (8-0) және Жаңа Зеландияны (10-0) жеңген.

Exit mobile version