# Футзалдан Қазақстан ұлттық құрама командасы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды

![Футзалдан Қазақстан ұлттық құрама командасы әлем чемпионатының ширек финалына жолдама алды](https://optimism.kz/app/uploads/2024/09/041c4f8db09cd4f04b5254a41a78270d_original-245673.jpeg)

Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан

Футзалдан Қазақстан құрамасы әлем чемпионатында сенсация жасады! Ойыншыларымыз Ташкентте 1/8 кезеңде қазіргі әлем чемпионы Португалиядан басым түсті.

Есеп: 2-1  
«Хумо-Арена»   
Голдар: Шыңғыс Есенаманов (10-минут, 1-0), Зики Те (1-1), Арнольд Кнауб (39 минут, 2-1)

Енді ширек финалда Қазақстан 3 қазанда Ташкентте Аргентина/Хорватия құрамасының бірімен кездеседі. Аргентина – осыған дейінгі әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

ҚАЗАҚСТАН – ПОРТУГАЛИЯ

Екі құрама осыған дейін 2021 жылы Литвада өткен Әлем Кубогының жартылай финалында кездесіп, пенальти сериясында Переней түбегінің өкілі жеңісті тойлаған.

Еске сала кетейік, Ұлттық құрама әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне D тобынан 2-орынмен шықты. Рикардо Кака баптайтын ойыншылар Испаниямен тең түсіп (1-1), кейін Ливияны (8-0) және Жаңа Зеландияны (10-0) жеңген.

---

Опубликовано: 2024-09-26T17:18:04+05:00

Обновлено: 2024-09-26T17:18:04+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Спорт](https://optimism.kz/category/sport/)

Метки: [Министерство туризма и спорта Республики Казахстан](https://optimism.kz/tag/ministerstvo-turizma-i-sporta-respubliki-kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2024/09/26/futzaldan-qazaqstan-ulttyq-qurama-komandasy-aelem-chempionatynyng-shirek-finalyna-zholdama-aldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».