Алматыда «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» республикалық семинарі өтті

Фото: Министерство культуры и информации Республики Казахстан

Алматы қаласында Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігі «Ұлттық ономастика: Ізденіс пен тәжірибе» атты республикалық семинарын ұйымдастырды. 

Іс-шараның мақсаты – ономастика саласындағы өзекті мәселелерді талқылау және осы саладағы өңірлердің қызметін жетілдіру бойынша ұсыныстар әзірлеу.

Күн тәртібінде Ономастика саласын орталықтандыру бойынша енгізілген өзгерістер мен толықтырулар, өзектендірілген «Тарихи тұлғалар», «Жер-су атаулары» және «Дәстүрлі атаулар» тізімдерін,  өзгерістер мен толықтырулар енгізілген Әдістемелік ұсынымдар, сондай-ақ елді мекендердің байырғы тарихи атауларын қайтару бойынша жүзеге асырылып жатқан «Тарихи-диахрондық әдісті қолдану арқылы ономастикалық атауларды жүйелендіру қызметі» жобасының презентациясы, өңірлердегі ономастикалық ахуал, сондай-ақ алдағы уақытта атқаруды қажет ететін маңызды мәселелер қаралды.  

Семинар жұмысына ҚР Парламенті депутаттары, ҚР МАМ Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің төрағасы Рұстам Али, Республикалық ономастика комиссиясының мүшелері, белгілі ғалымдар, өңірлердегі ономастика саласын басқарып отырған басқарма басшылары қатысты.

 

Exit mobile version