Консерватория түлектері мен студенттері халықаралық аренаны бағындырды

Фото: Министерство культуры и информации Республики Казахстан

Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі Диас Елемес (профессор А. Гайсиннің сыныбы) «Premio Internazionale della Fisarmonica» беделді халықаралық баяншылар мен аккордеонистер байқауында «World Senior» санатында 1-орынды жеңіп алды.

Сонымен қатар, байқауға «Қобыз және баян» кафедрасының 4-курс студенті Ақымбек Темірлан (Г. Нарымбетовтың сыныбы) және консерватория түлегі Жандос Сауыт (профессор А. Гайсиннің сыныбы) қатысты.

Италияның Кастельфидардо қаласындағы Premio Internazionale della Fisarmonica — жыл сайын 60 елден 200 астам музыкант пен 50 сарапшының басын қосатын әлемдегі ең беделді аккордеонистер байқауының бірі.

Өнерпаздарды жетістіктерімен құттықтай отырып, жаңа кәсіби шыңдарды бағындыруларын тілейміз.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Exit mobile version