---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2024/09/30/konservatoriya-tuelekteri-men-studentteri-halyqaralyq-arenany-baghyndyrdy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Консерватория түлектері мен студенттері халықаралық аренаны бағындырды

![Консерватория түлектері мен студенттері халықаралық аренаны бағындырды](https://optimism.kz/app/uploads/2024/09/f6ba5dbd2387eaaf5598f38baca169c7_original-127829.jpeg)

Фото: Министерство культуры и информации Республики Казахстан

Қазақ ұлттық консерваториясының түлегі Диас Елемес (профессор А. Гайсиннің сыныбы) «Premio Internazionale della Fisarmonica» беделді халықаралық баяншылар мен аккордеонистер байқауында «World Senior» санатында 1-орынды жеңіп алды.

Сонымен қатар, байқауға «Қобыз және баян» кафедрасының 4-курс студенті Ақымбек Темірлан (Г. Нарымбетовтың сыныбы) және консерватория түлегі Жандос Сауыт (профессор А. Гайсиннің сыныбы) қатысты.

Италияның Кастельфидардо қаласындағы Premio Internazionale della Fisarmonica — жыл сайын 60 елден 200 астам музыкант пен 50 сарапшының басын қосатын әлемдегі ең беделді аккордеонистер байқауының бірі.

Өнерпаздарды жетістіктерімен құттықтай отырып, жаңа кәсіби шыңдарды бағындыруларын тілейміз.

 

**ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі**

---

Опубликовано: 2024-09-30T12:54:04+05:00

Обновлено: 2024-09-30T12:54:04+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Культура](https://optimism.kz/category/kultura/), [Общество](https://optimism.kz/category/obshhestvo/)

Метки: [МКИ](https://optimism.kz/tag/mki/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2024/09/30/konservatoriya-tuelekteri-men-studentteri-halyqaralyq-arenany-baghyndyrdy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».