---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2024/10/24/qanat-sharlapaev-qazaqstan-respublikasy-kuenine-oraj-marapattar-tabystady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қанат Шарлапаев Қазақстан Республикасы күніне орай марапаттар табыстады

![Қанат Шарлапаев Қазақстан Республикасы күніне орай марапаттар табыстады](https://optimism.kz/app/uploads/2024/10/c5f83d40c9b8fbbfff8d8ac85ed0bb5a_original-215929.jfif)

Фото: МПС РК

ҚР Өнеркәсіп және құрылыс министрлігінде Республика күнінің құрметіне орай министрлік жетекшілік ететін салалардың көрнекті өкілдерін салтанатты марапаттау рәсімі өтті.

Министр Қанат Шарлапаев өзінің құттықтау сөзінде марапатталғандардың ел дамуына қосқан үлесінің маңыздылығын атап өтті.

*«Сан мыңдаған әріптестеріміз зауыттар мен фабрикаларда еліміздің индустриялық іргетасының бекем болуына ат салысуда.**Жаңа өндірістер іске қосылып, жаңа жұмыс орындары ашылуда. Өндіріс орындарын шикізатпен қамтамасыз ету үшін жер қойнауымыз белсенді түрде барлануда.**Соңғы жылдары өңдеу өнеркәсібінің экономикадағы үлесі тау-кен саласынан асып түсті. Бұл дегеніміз – еліміз тәуелсіздік алғаннан бергі индустрияландырудың жарқын көрінісі»*— деді министр.

Салтанатты рәсім барысында Министр машина жасау, металлургия, мұнай-газ саласы және басқа да негізгі секторлардың дамуына елеулі үлес қосқан мамандарға мемлекеттік наградаларды жеке өзі табыс етті. Марапатталғандардың қатарында бүкіл ел бойынша жұмыс істейтін ірі кәсіпорындардың басшылары, геологтар, инженерлер мен ғалымдар бар.

*«Бірлескен жұмыстың нәтижесінде қалалар мен ауылдардың инфрақұрылымы дамып, құрылыс обьектілері іске қосылуда. Биылғы жылға 18 млн шаршы метр баспана салуды жоспарлап отырмыз. Елімізге сынақ болған биылғы су тасқынының салдарымен күрес кезінде, 2600-ден астам үй салынды. Бұл елдігіміз бен ынтымағымыздың айғағы болды»,*— деді Қанат Шарлапаев.

Ел алдындағы еңбегі үшін 30-дан аса маман мемлекеттік наградаларға ие болды, оның ішінде II және III дәрежелі «Барыс» ордені, «Парасат», «Құрмет» ордендері, III дәрежелі «Еңбек Даңқы» ордендері және «Ерен еңбегі үшін» медальдары, сондай-ақ ҚР ӨКМ бірқатар қызметкері Министрдің атынан Құрмет грамотасымен марапатталды.

** **

** **

---

Опубликовано: 2024-10-24T12:15:04+05:00

Обновлено: 2024-10-24T12:15:04+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Прочее](https://optimism.kz/category/prochee/)

Метки: [мпс](https://optimism.kz/tag/mps/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2024/10/24/qanat-sharlapaev-qazaqstan-respublikasy-kuenine-oraj-marapattar-tabystady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».