Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан
22 қазан мен 3 қараша аралығында Черногорияның Будва қаласында өткен жастар арасындағы бокстан әлем чемпионаты қазақстандық боксшылар үшін сәтті аяқталды. Біздің құрама осы турнирде алғаш рет жалпы есепте бірінші орын алды.
Қазақстан құрамасының нәтижесі: 6 алтын, 1 күміс, 10 қола.
Алтын медаль алғандар:
Боранбек Бексұлтан (51 келі)
Төрехан Сабырхан (67 келі)
Өнер Сейілхан (71 келі)
Санжар-Али Бегалиев (75 келі)
Елянур Турганова (50 келі)
Аружан Зейноллаева (81 келі)
Жалпы есеп:
1. Қазақстан — 6 алтын, 1 күміс, 10 қола
2. Өзбекстан — 5 алтын, 5 күміс, 3 қола
3. Ресей — 5 алтын, 2 күміс, 1 қола
4. Қытай — 3 алтын, 3 күміс, 4 қола