Штормовое предупреждение

Фото: МЧС РК

«Қазгидромет» РМК деректері бойынша еліміздің бірнеше өңірінде ауа райының нашарлауы күтілуде: қатты жауын-шашын, ауа температурасының төмендеуі, желдің күшеюі, боран және көктайғақ.

ТЖМ келесі қауіпсіздік шараларын сақтауды ұсынады:

— әсіресе түнде және дауылды ауа-райында алыс қашықтыққа сапарлар мен жаяу жүруден аулақ болыңыз;

— ауа-райы жағдайлары мен көлік құралдарының қозғалысының шектеулері туралы ақпаратты қадағалаңыз;

— ғимараттардан шығуға асықпаңыз (мүмкіндігінше үй-жайларда болыңыз);

— қатты жел болған жағдайда жақын маңдағы ғимаратқа бару керек;

— ағаштардан, ілулі құрылымдардан, электр желілерінен және билбордтардан аулақ болыңыз;

 — үйлердің қабырғаларына жақын жерде қатты желден жасырынбаңыз, өйткені шатыр материалдары құлап кетуі мүмкін;

— қоғамдық көліктің ашық аялдамаларында, билбордтардың, ағаштардың астында, аяқталмаған ғимараттарда жасырынуға болмайды;

— балаларды ерекше бақылауға алыңыз, оларды қараусыз қалдырмау маңызды;

— жеке көлікті ағаштардан қауіпсіз қашықтықта қою ұсынылады.

Exit mobile version