Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан
🔹 22-30 қараша – Тоғызқұмалақтан халықаралық турнир
Қазақстанның 2 спортшысы сынға түседі.
Өтетін орны: Колумбия, Кали қаласы.
🔹 22-30 қараша – Үстел теннисінен жастар арасындағы әлем чемпионаты. Жаһандық додада ел намысын Алан Құрманғалиев қорғайды.
Өтетін орны: Швеция, Хельсинборг қаласы.
🔹 24-26 қараша – Қазақ күресінен Әлем кубогі. Жарысқа әлемнің 9 елінен 100-ге жуық палуан қатысады. Ал Қазақстан құрамасынан 40 спортшы белдеседі.
Өтетін орны: Түркістан облысы.
🔹 25 қараша – Баскетболдан Азия кубогінің іріктеу турнирі. Қазақстан құрамасы сырт алаңда Үндістан баскетболшыларымен ойнайды.
Өтетін орны: Үндістан, Ченнаи қаласы.
🔹 28-30 қараша – Қазақ күресінен республикалық турнир. Турнирге еліміздің барлық өңірінен 200 спортшы қатысады.
Өтетін орны: Семей қаласы.
28 қараша мен 1 желтоқсан – Белбеу күресінен ҚР кубогі. Жарыста 18 өңірден 270 спортшы бақ сынайды.
Өтетін орны: Атырау қаласы.
🔹 29 қараша мен 11 желтоқсан – Бокстан Азия чемпионаты. Сары құрлық додасында ұлттық құраманың 13 боксшысы жүлдеге таласады.
Өтетін орны: Таиланд, Чиангмай қаласы.