Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан
Бүгін шаңғы жарысынан ерлер арасындағы спринт бәсекесінде күміс жүлде еншілеген Константин Борцовтың отбасы үшін ерекше күн.
Өйткені Константиннің әкесі әрі жеке жаттықтырушысы – Владимир Борцов та осыдан дәл 29 жыл бұрын, яғни 1996 жылы Харбинде өткен III қысқы Азия ойындарында шаңғыдан күміс медаль жеңіп алған болатын. Сол жылы Владимир Борцов тек күміс медальмен шектеліп қоймай, алтын және қола медаль олжалаған. Бұл жетістік әкелі-балалы спортшылар арасында тек отбасылық қана емес, спорттық байланыстың да берік орнағанын көрсетеді.
Марапаттау рәсімінде Константин Борцовтың өзі бүгінгі күннің әкелі-балалы үшін ерекше әрі тарихи сәт екенін атап өтті. Ол өзінің жетістігін әкесінің кеңестері мен қолдауының арқасында алғанын, сонымен қатар әкесінің спорттық жолын жалғастырып келе жатқанын мақтан тұтатынын айтты.
Константин мен әкесі Владимир Борцовты тарихи нәтижелерімен шын жүректен құттықтаймыз. Бұл жетістік тек олар үшін ғана емес, барша Қазақстан үшін үлкен абырой, зор мақтаныш.