Хоккейден әйелдер құрамасы Қытайды жеңіп, жүлдеге бір табан жақындады

Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан

Бүгін шайбалы хоккейден еліміздің әйелдер командасы Харбин қаласында өтіп жатқан IX қысқы Азия ойындарында жарыс қожайынын ұтты.

Қазақстан — Қытай, есеп: 2-1.

Екінші айналымда шабуылшы Надежда Филимонова мергендік танытып, командамызға басымдық сыйлады. Ал шешуші кезеңде қарсылас таразы басын теңестіріп үлгерді. Шешуші кезеңде Александра Шегай жеңіс шайбасын торда тулатты.

Енді ертең шешуші матчта Қазақстан мен Оңтүстік Корея күш сынасады. Ойын сағат 7:00-де басталады.

Exit mobile version