Казахстан с официальным визитом посетил президент Объединенного мира борьбы (United World Wrestling — UWW) Ненад Лалович

Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан

Қазақстанға ресми сапармен Біріккен күрес әлемі (UWW) президенті Ненад Лалович келді. Мәртебелі мейманды Астана халықаралық әуежайынан ҚР Туризм және спорт министрінің орынбасары Серік Жарасбаев қарсы алды.

 Ненад Лалович елімізге сапары барысында елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенін, Жақсылық Үшкемпіров атындағы жекпе-жек сарайын аралап, Астанада салынып жатқан Ұлттық спорт университетінің құрылысымен танысады деп жоспарланған. Сондай-ақ Қазақстан Ұлттық олимпиада комитетінің басшысымен кездеседі.

Н.Лаловичтің Қазақстанға келуі отандық күрес спорты үшін аса маңызды оқиға. Қазіргі таңда қазақстандық палуандар халықаралық аренада көптеген жетістікке қол жеткізіп, әлем чемпионаты мен Олимпия ойындарында жүлде алып жүр.

Exit mobile version