---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2025/03/03/fitch-ratings-almaty-kk-rejtingin-t-ra-ty-bolzhammen-bbb-de-gejinde-rastady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Fitch Ratings «Алматы» ӘКК рейтингін «Тұрақты» болжаммен «BBB – » деңгейінде растады

![Fitch Ratings «Алматы» ӘКК рейтингін «Тұрақты» болжаммен «BBB – » деңгейінде растады](https://optimism.kz/app/uploads/2025/03/whatsapp-image-2025-02-28-at-10-04-04-1100x734.jpeg)

*1*

Fitch Ratings халықаралық рейтингтік агенттігі «Алматы» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы» АҚ («Алматы» ӘКК) эмитенттің ұзақ мерзімді дефолт рейтингін (ЭДР) «Тұрақты» болжамымен «BBB-» деңгейінде шетел және ұлттық валютада растады.

![](https://www.almaty.kz/wp-content/uploads/2025/02/whatsapp-image-2025-02-28-at-10.04.04-1100x734.jpeg)

Инвестициялық санатқа жататын «BBB-» рейтингі Компанияның несиелік қабілеттілігінің жеткілікті деңгейін және несиелік тәуекелдер бойынша төмен үміттерді көрсетеді.

Рейтингті растау корпорацияның мегаполистің әлеуметтік-экономикалық дамуындағы түйінді рөлін ескере отырып, қала тарапынан «Алматы» ӘКК-ні төтенше қолдаудың «аса жоғары» ықтималдығы туралы Fitch пікірін көрсетеді. Орта мерзімді перспективада рейтингтік агенттік бұл қатынастардың өзгеруін күтпейді.

«Алматы» ӘКК жергілікті микро, шағын және орта бизнесті қаржыландыруды, ескі тұрғын үйді жаңартуды, индустриялық аймақты дамытуды, сондай-ақ әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына бағаны тұрақтандыруды қоса алғанда, қала үшін басым әлеуметтік маңызы бар және инвестициялық жобаларды іске асыратын қаланы дамытудың ірі институты болып қала береді.

Fitch «Алматы» ӘКК функцияларын орындауға қабілетті ұқсас ұйымдардың жоқтығын атап өтеді, бұл корпорацияның Қала үшін стратегиялық маңыздылығын арттырады.

Қазіргі уақытта «Алматы» ӘКК халықаралық кредиттік рейтингке ие Қазақстанның жалғыз әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясы болып қала береді.

[@Almaty_Joly](https://t.me/AlmatyJoly)

Фото: Акимат Алматы

---

Опубликовано: 2025-03-03T14:46:10+05:00

Обновлено: 2025-03-03T14:46:10+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Общество](https://optimism.kz/category/obshhestvo/)

Метки: [Алматы](https://optimism.kz/tag/almaty/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2025/03/03/fitch-ratings-almaty-kk-rejtingin-t-ra-ty-bolzhammen-bbb-de-gejinde-rastady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».