Алуа Балқыбекова — бокстан әлем чемпионы

Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатында екінші спортшымыз рингке көтерілді.

50 келідегі Алуа Балқыбекова финалда Қытайдың жас боксшысы Ху Мэйимен шықты. Жерлесіміз кездесуді толықтай өз бақылауына алып, жылдамдық жағынан бір бас жоғары болды. Есеп: 5:0.

Бұған дейінгі Алуаның әлем чемпионатындағы көрсеткіші:

2022 жыл — 🥈күміс
2023 жыл — 🥉қола

Exit mobile version