Елдана Тәліпова — бокстан әлем чемпионатының күміс жүлдегері

Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан

Бокстан Сербияда өтіп жатқан әйелдер арасындағы әлем чемпионатын ең соңғы болып, аса ауыр салмақтағы жерлесіміз Елдана Тәліпова аяқтады.

+81 келіде бірінші мәрте жаһандық додаға қатысқан Елдана Қытай өкілі Чжан Иляньмен кездесті.

3 раундтың қорытындысы бойынша, төрешілер 4:1 есебімен жеңісті Қытай спортшысына берді.

Exit mobile version