Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан
Бүгінде республика бойынша 16 555 ұлттық спорт үйірмесі, кадр даярлау саласында 15 балалар мен жасөспірімдер спорт мектебі және 17 спорт клубы жұмыс істейді.
Елімізде көкпар, жамбы ату, аударыспақ, теңге ілу, бәйге, садақ ату, құсбегілік, тоғызқұмалақ, асық ату, JORYQ ат спорты, одан бөлек жаппай көкпар, қазақ күресі және жекпе-жек түрлері қарқынды дамып келеді.