---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2025/03/25/almatyda-2-500-bala-a-arnal-an-zamanaui-shabyt-damu-ortaly-y-ashyldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Алматыда 2 500 балаға арналған заманауи «Шабыт» даму орталығы ашылды



Фото: Акимат Алматы

 

Алматының Алмалы ауданында 1951 жылы салынған ескі Оқушылар үйінің орнына жаңа «Шабыт» балаларды дамыту орталығы ашылды. Жаңа орталық **2 500-ден астам оқушының** білім алып, шығармашылық қабілетін дамытуға мүмкіндік береді.

Қала әкімі Ерболат Досаев жаңа орталыққа барып, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына жасалған жағдаймен танысты.

Орталық Жамбыл және Байзақов көшелерінің қиылысында орналасқан. Бұрын бұл жерде №2 Оқушылар үйі болған, алайда ғимарат ескіріп, заманауи стандартқа сай келмей қалған.

![](https://optimism.kz/uploads/2025/3/25/2375b35d7b0c4f72a51a667d87285398_original.411709.jpg)

2024 жылы шілде **айында қала әкімдігінің бастамасымен** және инвестордың қолдауымен ескі ғимаратты бұзып, жаңа орталық салу туралы шешім қабылданды. Соның нәтижесінде жалпы аумағы **1 415** шаршы метрден **3 414** шаршы метрге дейін ұлғайды, ал жобалық қуаты **1 200 баладан 2 500** балаға дейін артты.

Жаңа орталық заманауи білім беру технологияларымен жабдықталған: интерактивті панельдер, моноблоктар, ноутбуктер, сондай-ақ, техникалық, музыкалық, көркемдік және спорттық бағыттарға арналған арнайы құрал-жабдықтар орнатылған.

   Әкімнің сапары барысында оған мәдени іс-шараларға арналған амфитеатр, 25 метрлік жолағы бар жүзу бассейні, арт-студия, хореография залы, робототехника кабинеті, тігін шеберханасы және музыкалық сыныптар көрсетілді.

Робототехника кабинетінде оқушылар жобасын ұсынды.

> **«Робот құрастырғанды жақсы көремін, бұл бізге бағдарламалауды үйренуге және түрлі мәселені шешуге көмектеседі. Инженер болуды армандаймын, ал орталықтағы сабақтар пайдалы дағдыларға үйретеді», – деді 7-сынып оқушысы Манас Өмірғалиев.**

Орталықта қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін бейнебақылау жүйелері, бет-әлпетті тану арқылы кіретін турникеттер, өртке және төтенше жағдайға арналған дабыл жүйелері орнатылған.

![](https://optimism.kz/uploads/2025/3/25/d81bc853c4188f7d42ec65947da97679_original.210596.jpg)

Орталық директоры Бақытгүл Лекерова мекеменің басты мақтанышы бассейн екенін атап өтті:

> **«Бұрын №2 Оқушылар үйінде спорттық-сауықтыру бағыты үшін жағдай жасалмаған еді. Енді балалардың жүзумен айналысуға мүмкіндігі бар – душ кабиналары мен жайлы шешінетін бөлмелер қарастырылған. Жаңа ғимарат балалардың дарынын ашуға және өздерін шығармашылық тұрғыда көрсетуге үлкен мүмкіндік береді», – деді ол.**

Орталық аумағында футбол және баскетбол алаңдары, балаларға арналған ойын аймағы салынды, сондай-ақ, туя мен бұталар отырғызылды.

«Шабыт» балаларды дамыту орталығы мектеп жасындағы балаларға арналған. Мұнда олар ғылыми-техникалық, әлеуметтік-педагогикалық, гуманитарлық, көркем-эстетикалық, музыкалық-аспаптық және спорттық-сауықтыру сынды бағыттар бойынша білім ала алады.  

 

---

Опубликовано: 2025-03-25T07:32:04+05:00

Обновлено: 2025-03-25T07:32:04+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Общество](https://optimism.kz/category/obshhestvo/)

Метки: [Алматы](https://optimism.kz/tag/almaty/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2025/03/25/almatyda-2-500-bala-a-arnal-an-zamanaui-shabyt-damu-ortaly-y-ashyldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».