---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2025/03/27/cenatorlar-dene-shyny-tyru-zh-ne-sport-arty-za-namaly-reglamentteudi-bol-yzbau-m-selelerine-atysty-za-dy-arady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Cенаторлар  дене шынықтыру және спорт, артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелеріне қатысты заңды қарады

![Cенаторлар  дене шынықтыру және спорт, артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелеріне қатысты заңды қарады](https://optimism.kz/app/uploads/2025/03/0c81081373b38eead5ea58b478f57138_original-167011.jpeg)

Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан

Бүгін Парламент Сенатының Спикері Мәулен Әшімбаевтың төрағалығымен Палата отырысы өтті.

Онда сенаторлар  депутаттық сауалдарын жолдап, дене шынықтыру және спорт, артық заңнамалық регламенттеуді болғызбау мәселелеріне қатысты заңды қарады. Аталған заң спорттың басым түрлерін айқындауға, оларды қаржыландыруға және дене шынықтыру және спорт субъектілерімен өзара іс-қимылға бағытталған.

Сондай-ақ құжат нормалары дене шынықтыру және спорт саласын реттеудің нормативтік негізін тұжырымдамалық тұрғыдан өзектендіруге мүмкіндік береді және ұлттық заңнаманы, оның құқық қолдану практикасын одан әрі жетілдіруге ықпал етеді.

> ***«Соңғы жылдарда елімізде спорт саласын дамытуға баса мән беріліп келеді. Президентіміз Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Ұлттық құрылтайдың IV отырысында спортты дамыту мәселесіне ерекше көңіл бөлді. Бүгін қаралған заң – спорт саласын басқаруды жетілдіру бағытында іске асырылып жатқан маңызды қадамдардың бірі. Заңда спорт саласына бөлінетін бюджет қаражатын тиімді пайдалануды қамтамасыз ететін ережелер қамтылды. Ұлттық спорт түрлері басым спорт түрлерінің қатарына қосылды. Спортшылар мен бапкерлерге мемлекеттік әлеуметтік қолдау көрсету тәртібін жетілдіруге арналған жекелеген түзетулер де енгізілді. Мақұлданған заң саламатты өмір салтын насихаттауға, азаматтарды, әсіресе, балаларды спортқа баулуға және жоғары спорттық жетістіктерге қол жеткізуге оң септігін тигізеді деп сенеміз»,***– деді Мәулен Әшімбаев.

@senate_kz 

---

Опубликовано: 2025-03-27T08:54:04+05:00

Обновлено: 2025-03-27T08:54:04+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Спорт](https://optimism.kz/category/sport/)

Метки: [Министерство туризма и спорта Республики Казахстан](https://optimism.kz/tag/ministerstvo-turizma-i-sporta-respubliki-kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2025/03/27/cenatorlar-dene-shyny-tyru-zh-ne-sport-arty-za-namaly-reglamentteudi-bol-yzbau-m-selelerine-atysty-za-dy-arady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».