---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2025/03/30/mihail-shajdorov-m-nerlep-syr-anaudan-lem-chempionatyny-k-mis-zh-ldegeri/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Михаил Шайдоров – мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері

![Михаил Шайдоров – мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионатының күміс жүлдегері](https://optimism.kz/app/uploads/2025/03/01988ae294cdce4ab1e36fb371dd1334_original-142091.jpeg)

Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан

Бостонда (АҚШ) мәнерлеп сырғанаудан әлем чемпионаты өтуде. Михаил Шайдоров күміс медаль жеңіп алып, Қазақстан мәнерлеп сырғанау тарихында маңызды жетістікке қол жеткізді.

Миша сенімді өнер көрсетіп, қысқа және еркін бағдарламаларда жоғары деңгейде сырғанаумен көзге түсті. Оның жалпы ұпай саны 287. 47 болып, оны әлемнің үздік екі спортшысының қатарына қосылуға мүмкіндік берді.

Бұл – Қазақстан мәнерлеп сырғанау тарихындағы үшінші медаль. Бұған дейін Денис Тен әлем чемпионатында 2013 жылы күміс, ал 2015 жылы қола медаль иеленген еді.

Бұл – Михаил үшін маусымдағы екінші ірі жеңісі. Бұған дейін ол төрт құрлық чемпионатында топ жарып, 2015 жылы дәл осы жарыста жеңіске жеткен Денис Теннің жетістігін қайталаған еді.

Енді ол ресми түрде Олимпиада жолдамасына ие болып, Миланда Қазақстан намысын қорғайтын болады.

---

Опубликовано: 2025-03-30T09:49:05+05:00

Обновлено: 2025-03-30T09:49:05+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Спорт](https://optimism.kz/category/sport/)

Метки: [Министерство туризма и спорта Республики Казахстан](https://optimism.kz/tag/ministerstvo-turizma-i-sporta-respubliki-kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2025/03/30/mihail-shajdorov-m-nerlep-syr-anaudan-lem-chempionatyny-k-mis-zh-ldegeri/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».