Фото: Министерство обороны Республики Казахстан
Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерінің жұмыс кездесуі өтті.
Брифингте шетелдік қонақтарға Қазақстан Қарулы күштерінің қызметі таныстырылды.
Сапар аясында тәжік делегациясы Ұлттық қорғанысты басқару орталығына барды. Дағдарыс жағдайында ақпараттық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша тәжірибе алмасу өтті. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.
Іс-шара Қазақстан мен Тәжікстан қорғаныс министрліктері арасындағы 2025 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес өтті.