---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2025/04/01/or-anys-ministrligine-t-zhikstanny-skeri-delegacziyasy-keldi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қорғаныс министрлігіне Тәжікстанның әскери делегациясы келді

![Қорғаныс министрлігіне Тәжікстанның әскери делегациясы келді](https://optimism.kz/app/uploads/2025/04/c3a25097c410557578f00f4cfc74cb38_original-123395.jpg)

Фото: Министерство обороны Республики Казахстан

**Қарулы күштердің Ұлттық әскери-патриоттық орталығында Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігі мен Тәжікстан Республикасы Қорғаныс министрлігі әскери қызметшілерінің жұмыс кездесуі өтті.**

Брифингте шетелдік қонақтарға Қазақстан Қарулы күштерінің қызметі таныстырылды.

Сапар аясында тәжік делегациясы Ұлттық қорғанысты басқару орталығына барды. Дағдарыс жағдайында ақпараттық өзара іс-қимыл мәселелері бойынша тәжірибе алмасу өтті. Тараптар өзара қызығушылық тудыратын салалардағы екіжақты ынтымақтастық мәселелерін де талқылады.

Іс-шара Қазақстан мен Тәжікстан қорғаныс министрліктері арасындағы 2025 жылға арналған ынтымақтастық жоспарына сәйкес өтті.

---

Опубликовано: 2025-04-01T04:21:03+05:00

Обновлено: 2025-04-01T04:21:03+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Закон и порядок](https://optimism.kz/category/obshhestvo/zakon-i-poryadok/)

Метки: [Министерство обороны](https://optimism.kz/tag/ministerstvo-oborony/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2025/04/01/or-anys-ministrligine-t-zhikstanny-skeri-delegacziyasy-keldi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».