---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2025/05/15/tatamidegi-triumf-aza-stan-para-dzyudoshylary-lem-chempionatynda-11-zh-lde-zhe-ip-aldy/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Татамидегі триумф: Қазақстан пара дзюдошылары әлем чемпионатында 11 жүлде жеңіп алды

![Татамидегі триумф: Қазақстан пара дзюдошылары әлем чемпионатында 11 жүлде жеңіп алды](https://optimism.kz/app/uploads/2025/05/03c8123a6999617c59fa9ad0bb4f94e5_original-128775.jpeg)

Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан

13-15 мамыр аралығында Жақсылық Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында жалғасқан пара дзюдодан жаһандық дода мәресіне жетті.

IBSA Judo World Championships Astana бәсекесінің үшінші күнінде командалық сайыстан ерлер мен әйелдер арасында жүлделер сарапқа салынды.

Қазақстанның әйелдер құрамасы айналмалы жүйе бойынша күресіп, қорытынды нәтиже бойынша топ жарды. Олар жарыс жолында Түркия, Үндістан және тартысты белдесуде Өзбекстаннан басым түсті. Тек бастапқы кезеңде ғана бір ұпаймен Бразилияға жол берді.

Қазақстанның ерлер құрамасы да нағыз жігерге толы күрестің үлгісін көрсетті. Әр қарсыласпер соңғы секундқа дейін беріспей, қайсарлықтың арқасында жеңісті жұлып алды. Жігіттеріміз Моңғолия мен Грузияны жарыстар шығарса, финалда басты фаворит Бразилияны жеңіп кетті.

Ал әлем чемпионатының жеке сайысы Қазақстан құрамасы 2 алтын, 2 күміс және 5 қола жүлде еншілеп, жалпы есепте 4-орынға тұрақтады.

Қазақстандық жүлдегерлер тізімі:

* Жұрқамырза Шукурбеков — алтын (+95 келі, J2 санаты)  
* Бексұлтан Құлмырза — алтын (81 келі, J2 санаты)  
* Ғалымжан Смағұлұлы — күміс (81 келі, J2 санаты)  
* Аяла Мереке — күміс (70 келі, J2 санаты)  
* Ерғали Шамей — қола (81 келі, J1 санаты)  
* Даяна Федосова — қола (60 келі, J2 санаты)  
* Айназ Куралова — қола (46 келі, J1 санаты)  
* Бағланбек Оналбек — қола (+95 келі, J1 санаты)  
* Ерлан Утепов — қола (+95 келі, J1 санаты)

Айта кетейік, үш күнге жалғасқан жарыста 38 елден 300-ден астам спортшы қатысты.

---

Опубликовано: 2025-05-15T18:07:05+05:00

Обновлено: 2025-05-15T18:07:05+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Спорт](https://optimism.kz/category/sport/)

Метки: [Министерство туризма и спорта Республики Казахстан](https://optimism.kz/tag/ministerstvo-turizma-i-sporta-respubliki-kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2025/05/15/tatamidegi-triumf-aza-stan-para-dzyudoshylary-lem-chempionatynda-11-zh-lde-zhe-ip-aldy/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».