Фото: МПС РК
Қазақстанда тұрмыстық техника өндірісі қарқынды дамып келеді. Сала ішкі сұраныстың артуы, мемлекеттік қолдау және халықаралық инвестициялардың тартылуы есебінен қуатты серпін алуда. Өндірістік қуаттар кеңейіп, жаңа жұмыс орындары ашылуда, ал кәсіпорындар заманауи технологияларды игеріп, жинақтау үдерісін жергіліктендіруде.
Нарықтағы табысты мысалдар қатарында Қарағанды облысы, Саран қаласындағы «Silk Road Electronics» ЖШС. Бұл электроника және тұрмыстық техника саласындағы жетекші инвестициялық жобалардың бірі. 2024 жылы кәсіпорында 181 мыңнан астам өнім шығарылды, оның ішінде теледидарлар мен кір жуғыш машиналар бар. Өндіріс Samsung Electronics компаниясымен әріптестік аясында жүзеге асырылып, жоғары сапа мен озық технологиялардың қолданылуын қамтамасыз етеді.
Келесісі — Алматы облысы, Жармұхамбет ауылындағы «ALMATY TURMYSTYQ TEHNIKA ZAVODY» ЖШС. Кәсіпорын асүйге арналған тұрмыстық техниканы: панельдер, пештер, шағын пештер мен плиталарды шығарады. Кәсіпорын өндірістік қуатын дамытып, жақын арада тоңазытқыштар, мұздатқыштар, сорғыштар мен теледидарлар өндірісін жолға қоюды жоспарлап отыр.
Алматы қаласы, «Алатау» АЭА орналасқан «DS Multimedia CA» ЖШС 2024 жылдың ақпан айынан бастап Xiaomi брендімен теледидарлар жинақтау өндірісін іске қосты. Қысқа уақыт ішінде 50 мың дана техника шығарылды, бұл өнімге деген жоғары сұранысты және өндірісті кеңейту әлеуетін көрсетеді.
Қазақстан нарығы тұрақты өсім көрсетуде. Өндірушілер үшін басты басымдықтар — өнім ауқымын кеңейту, жергіліктендіру деңгейін арттыру, экспортты дамыту және инновацияларды енгізу. Бұл үдерістерге индустриялық және арнайы экономикалық аймақтар маңызды рөл атқарады, олар инвестициялық ахуалды жақсартуға септігін тигізеді.
Қазақстан Республикасы Үкіметі саланы индустрияландыру, технологиялық жаңғырту және импортты алмастыру бағдарламалары аясында қолдауды жалғастыруда.