Фото: Акимат Астаны
Астана қаласының Көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Ш.Айтматов көшесінің Қ.Мұхамедханов көшесінен Қорғалжын тасжолына дейінгі аралығында жөндеу жүргізеді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Осыған байланысты, 28 маусым мен 5 шілде аралығында аталған учаскеде қозғалыс ішінара жабылатын болады. Осы уақытта көлік қозғалысы екі бағытта бір жағынан кезең-кезеңімен ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер қозғалыс бағытын алдын ала жоспарлауы және қозғалысты ұйымдастырудағы ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет. Қауіпсіздікті қамтамасыз ету және қолайсыздықты азайту үшін уақытша жол белгілері мен көрсеткіштер орнатылатын болады.