Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан
Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде ауыр атлетикадан жасөспірімдер, жастар және қыздар арасындағы Азия чемпионатының ашылу рәсімі өтті.
Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари, Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Юсуф әл-Мана және Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиев қатысты.
Министр құттықтау сөзінде халықаралық жарыстар ел спортының дамуына және жастардың олимпиадалық спорт түрлеріне қызығушылығын арттыруға зор септігін тигізетінін атап өтті.
Айта кетейік, құрлық біріншілігі 10 шілдеге дейін жалғасады. Жарысқа 25 елден келген 300-ден астам жас атлет бақ сынап жатыр. Қазақстан намысын 36 спортшы қорғайды.