---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2025/07/04/astanada-auyr-atletikadan-aziya-chempionatyny-ashylu-saltanaty-tti/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті

![Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионатының ашылу салтанаты өтті](https://optimism.kz/app/uploads/2025/07/c5c2c76108a15985e93fd7b840ae42a3_original-85095.jpeg)

Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан

Елордадағы Qazaqstan жеңіл атлетика спорт кешенінде ауыр атлетикадан жасөспірімдер, жастар және қыздар арасындағы Азия чемпионатының ашылу рәсімі өтті.

Салтанатты іс-шараға Қазақстан Республикасының Туризм және спорт министрі Ербол Мырзабосынов, Халықаралық ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Джалуд әл-Шаммари, Азия ауыр атлетика федерациясының президенті Мұхаммед Юсуф әл-Мана және Қазақстан ауыр атлетика федерациясының президенті Гаджи Гаджиев қатысты.

Министр құттықтау сөзінде халықаралық жарыстар ел спортының дамуына және жастардың олимпиадалық спорт түрлеріне қызығушылығын арттыруға зор септігін тигізетінін атап өтті.

Айта кетейік, құрлық біріншілігі 10 шілдеге дейін жалғасады. Жарысқа 25 елден келген 300-ден астам жас атлет бақ сынап жатыр. Қазақстан намысын 36 спортшы қорғайды.

---

Опубликовано: 2025-07-04T15:16:07+05:00

Обновлено: 2025-07-04T15:16:07+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Спорт](https://optimism.kz/category/sport/)

Метки: [Министерство туризма и спорта Республики Казахстан](https://optimism.kz/tag/ministerstvo-turizma-i-sporta-respubliki-kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2025/07/04/astanada-auyr-atletikadan-aziya-chempionatyny-ashylu-saltanaty-tti/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».