Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан
Күрес: Мажарстанның Будапешт қаласында өткен күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial халықаралық турнирінде отандастарымыз 2 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.
Триатлон: Малайзияның Кампар қаласында өткен жастар арасындағы Азия кубогінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары бір алтын және бір күміс медаль иеленді.
Стенд ату: Италияның Тоди қаласында өтіп жатқан GREEN CUP халықаралық турнирінде отандық мерген Максим Почивалов «скит» жаттығуында сәтті өнер көрсетіп, жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алды.
Теннис: Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик Швейцарияның Гштаад қаласында мәресіне жеткен ATP 250 санатындағы турнирде топ жарды. Ол финалда дүниежүзілік рейтингте 109-орында тұрған аргентиналық Хуан-Мануэль Серундолоны жеңді.
Кәсіпқой бокс: Вашингтонда (АҚШ) өткен кәсіпқой бокс кешінде отандасымыз Данияр Елеусінов (12-0, 7 KO) өнер көрсетіп, филиппиндік Джеймс Бэконді (26-5, 17 KO) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.