---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2025/07/21/aza-sportshylaryny-tken-aptada-y-zhar-yn-zhe-isi/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі

![Қазақ спортшыларының өткен аптадағы жарқын жеңісі](https://optimism.kz/app/uploads/2025/07/fa2566841f2c58c20a6486f9ec13d2cb_original-333884.jpeg)

Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан

**Күрес:** Мажарстанның Будапешт қаласында өткен күрес түрлерінен Polyák Imre & Varga János Memorial халықаралық турнирінде отандастарымыз 2 күміс және 5 қола медаль жеңіп алды.

**Триатлон:** Малайзияның Кампар қаласында өткен жастар арасындағы Азия кубогінде Қазақстан ұлттық құрамасының спортшылары бір алтын және бір күміс медаль иеленді.

**Стенд ату:** Италияның Тоди қаласында өтіп жатқан GREEN CUP халықаралық турнирінде отандық мерген Максим Почивалов «скит» жаттығуында сәтті өнер көрсетіп, жасөспірімдер арасында алтын медаль жеңіп алды.

**Теннис:** Қазақстанның бірінші ракеткасы, әлемнің 34-ракеткасы Александр Бублик Швейцарияның Гштаад қаласында мәресіне жеткен ATP 250 санатындағы турнирде топ жарды. Ол финалда дүниежүзілік рейтингте 109-орында тұрған аргентиналық Хуан-Мануэль Серундолоны жеңді.

**Кәсіпқой бокс:** Вашингтонда (АҚШ) өткен кәсіпқой бокс кешінде отандасымыз Данияр Елеусінов (12-0, 7 KO) өнер көрсетіп, филиппиндік Джеймс Бэконді (26-5, 17 KO) екінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.

---

Опубликовано: 2025-07-21T11:59:00+05:00

Обновлено: 2025-07-21T11:59:00+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Спорт](https://optimism.kz/category/sport/)

Метки: [Министерство туризма и спорта Республики Казахстан](https://optimism.kz/tag/ministerstvo-turizma-i-sporta-respubliki-kazahstan/)

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2025/07/21/aza-sportshylaryny-tken-aptada-y-zhar-yn-zhe-isi/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».