Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан
Туризм және спорт министрлігі Спорт және дене шынықтыру істері комитетіне қарасты «Ұлттық және ат спорты түрлері орталығы» РМҚК-да спорт түрлері тізіліміне ресми тіркелген 11 ұлттық спорт түрі бар.
Төл спортымыз негізінен ат спорты, зияткерлік және жекпе-жек түрлерінен бастау алады. Ұлттық спорт дегеніміз – жауынгерлік жаттығу. Бұған көкпар, аударыспақ, теңге ілу, садақ ату (жамбы ату), бәйге сияқты спорт түрлерін жатқызуға болады. Биылдан бастап 11 ұлттық спорт түрі «Дене шынықтыру және спорт туралы» Заңға сәйкес басым спорт түрлері тізбесіне енгізілді.
Ұлттық спортымыздың ішінде қазақ күресінің орны ерекше. Өйткені халқымыздың тарихымен, салт-дәстүрімен біте қайнасып кеткен көне спорт түрі. Осыған орай, ұлттық спорт түрлеріне арналған арнайы жазбалар топтамасын назарларыңызға ұсынамыз. Бүгін сіздерге қазақ күресінің ерекшеліктері мен маңызы туралы айтып береміз.