---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2025/08/03/b-gin-temirzhol-yzmetkerleri-k-ni/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Бүгін – Теміржол қызметкерлері күні

![Бүгін – Теміржол қызметкерлері күні](https://optimism.kz/app/uploads/2025/08/z4wso9dxy4k84opuyz2iuedfpspcb3u22jcgqurl-jpg_width1200xheightautoxtype1.webp)

**Қазақстанда кәсіби мерекелер күнтізбесі жаңа маңызды датамен толықты. Биылдан бастап тамыз айының бірінші жексенбісі – Теміржол қызметкерлері күні ретінде ресми түрде аталып өтеді. Бұл – көлік саласының маңызды бағыты саналатын теміржол жүйесінде қажырлы еңбек етіп жүрген мыңдаған қызметкердің еңбегіне көрсетілген құрметтің айғағы, деп хабарлайды BAQ.KZ.**

Теміржол – ел ішіндегі ғана емес, халықаралық деңгейдегі жолаушы және жүк тасымалының маңызды тетігі. Қазақстандағы көлік инфрақұрылымының діңгегі саналатын бұл салада он мыңдаған маман жұмыс істейді. Олардың қатарында машинистер, вагоншылар, жол жөндеушілер, диспетчерлер, байланысшылар, инженер-техниктер мен тағы басқа көптеген кәсіп иелері бар.

Көлік саласының жалпы дамуына да теміржол саласы орасан үлес қосып отыр. Өңірлер арасындағы экономикалық байланысты қамтамасыз ету, отандық өнімді экспорттау, жолаушылардың қауіпсіз әрі ыңғайлы қозғалысын ұйымдастыру – осының барлығы теміржолшылардың тынымсыз еңбегінің нәтижесі.

Теміржол саласында жұмыс істеу – жауапкершілігі жоғары, тәртіп пен төзімділікті талап ететін мамандық. Бұл мереке – теміржолшылардың еңбегін бағалап, олардың қоғамдық маңызын айшықтайтын күн.

Теміржол қызметкерлерін кәсіби мерекесімен құттықтаймыз! Ел экономикасының қозғаушы күшіне айналған сала мамандарына мықты денсаулық, қауіпсіз еңбек және толағай табыс тілейміз.

---

Опубликовано: 2025-08-03T06:35:07+05:00

Обновлено: 2025-08-03T06:35:07+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Прочее](https://optimism.kz/category/prochee/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2025/08/03/b-gin-temirzhol-yzmetkerleri-k-ni/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».