Фото: Мин здрав
Алматыда денсаулық сақтау саласындағы негізгі қызметті біріктірген заманауи Almaty Digital Medical Center — Цифрлық медицина орталығы ашылды.
Салтанатты ашылу рәсіміне Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық сақтау басқармасы басшысы орынбасарының м.у.а. Лайла Имангалиева қатысты.
Орталық денсаулық сақтау көрсеткіштеріне мониторинг жүргізіп, талдамалық деректі басқармаға жолдайды. Мұндай дерек басқарушылық шешім қабылдау үшін пайдаланылады.
Орталықта азаматтардың медициналық мәселесіне қатысты өтінішін қабылдайтын 1312 бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істейді. Оның арқасында емхана жүктемесі азайып, дәрігерлер пациентке көбірек уақыт бөле алады. Сондай-ақ жоғалған қоңырау саны айтарлықтай қысқарады…
ШИЕЛІ АУДАНЫНДА ЖАҢА ИНФЕКЦИЯЛЫҚ БӨЛІМШЕ АШЫЛДЫ
Шиелі аудандық көпбейінді орталық ауруханасында 30 төсектік инфекциялық бөлімше жұмыс істей бастады.
20 орын балаларға және 10 орын ересек пациенттерге арналған (40-қа дейін ұлғайту мүмкіндігі бар). Бөлімшеде үш дәрігер, оның ішінде меңгеруші, балалар мен ересектер инфекционистері, сондай-ақ орта және кіші медицина қызметкерлері жұмыс істейді.
Бөлімше құрылымында электрондық төсектері бар 5 бокс палатасы, 25 төсекке арналған 13 жалпы палата, шұғыл жағдайларға арналған реанимациялық палата, емшара және қарау кабинеттері, шағын операциялық блок бар.
Барлық палаталар бактерицидтік сәулелендіргіштермен және шприц диспенсерлерімен жарақталған. Жабдық қауіпсіздік стандарттарына сәйкес келеді.