Аида Әбікеева — 2 дүркін әлем чемпионы

Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан

Бокстан Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер өтіп жатыр.

65 келіде өзін жақсы қырынан көрсете білген Аида Әбікеева шешуші бәсекеде шабуылға басымдық беретін Навбахор Хамидовамен кездесті. Әйтсе де осы жолы отандасымыз көп шабуылдаса, Өзбекстан өкілі қорғаныс пен қарымта шабуылға иек артты. Нәтижесінде айқас 3:0 есебімен Аиданың пайдасына шешілді.

Бұған дейін Аида Әбікеева наурыз айында да Сербиядағы жаһандық додада топ жарған еді.

Аида Әбікееваның жарыстағы жолы:

✅1/16 финал. 🇭🇺Лука Хамори — 5:0
✅1/8 финал. 🇰🇷Су-кионг Канг — 5:0
✅1/4 финал. 🇹🇷Бусеназ Сурменели — 5:0
✅1/2 финал. 🇮🇪Грейн Уолш — 5:0

Осы салмақта әлем чемпионатының жүлдесі кімге бұйырған?

🥉2019 жыл. Милана Сафронова (64 келі)
🥉2023 жыл. Надежда Рябец (66 келі)
🥇2025 жыл. Аида Әбікеева (63 келі)

Exit mobile version