Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан
Бокстан Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектердің кешкі сессиясы жалғасып жатыр.
70 келідегі Наталья Богданова ақтық сында Аустралия өкілі Лекейша Перголитимен қайта жолы түйісті. Қос боксшы Астанадағы әлем кубогы кезеңінің финалында кескілескен шайқас жүргізіп еді. Алайда осы жолы Наталья қарсыласының толассыз шабуылына тамаша жауап беріп, сенімді түрде жеңіске жетті. Есеп: 5:0.
Айта кетейік, Наталья Богданова осы салмақта әлем чемпионы атанған алғашқы отандық боксшы.
Наталья Богданованың жарыстағы жолы:
✅1/8 финал. 🇮🇳Санамача Чану — 5:0
✅1/4 финал. 🇹🇷Сема Чалискан — 5:0
✅1/2 финал. 🏴Чантил Рейд — 3:2
Осы салмақта әлем чемпионатының жүлдесі кімге бұйырған?
🥉2008 жыл. Елена Кольцова (70 келі)
🥉2025 жыл. Наталья Богданова (70 келі)