Төрехан Сабырхан — әлем чемпионы

Фото: Министерство туризма и спорта Республики Казахстан

Бокстан Ливерпуль қаласындағы әлем чемпионатында финалдық жекпе-жектер жалғасып жатыр.

Жеңіске деген жігерімен көпшілікті баурап алған, 70 келідегі Төрехан Сабырхан шешуші бәсекеде отандық жанкүйерлерге таныс Севон Оказавамен кездесті. Жерлесіміз 3 раунд бойы қарсыластың еркін көсілуіне мүмкіндік бермей, 3:2 есебімен жеңісті жұлып алды.

Ел тарихындағы ең жас әлем чемпиондары:

1️⃣🏴󠁧󠁢2025 жыл. 70 келі. Төрехан Сабырхан (19 жыл, 7 ай, 1 күн)
2️⃣🇺🇿2023 жыл. 48 келі. Санжар Тәшкенбай (19 жыл, 11 ай, 12 күн)
3️⃣🇰🇿2013 жыл. 75 келі. Жәнібек Әлімханұлы (20 жас)

Төрехан Сабырханның жарыстағы жолы:

✅1/16 финал. 🇩🇿Ясе Юсуф Ислам — 3:1
✅1/8 финал. 🇳🇱Финн Бос — 4:1
✅1/4 финал. 🇫🇷Макан Траоре — 5:0
✅1/2 финал. 🏴󠁧󠁢󠁥󠁮󠁧󠁿Одел Камара — 4:1

Осы салмақта әлем чемпионатының жүлдесі кімге бұйырған?

🥈1997 жыл. Ермахан Ибраимов (71 келі)
🥉1999 жыл. Ермахан Ибраимов (71 келі)
🥉2005 жыл. Бақтияр Артаев (69 келі)
🥉2009 жыл. Серік Сапиев (69 келі)
🥈2011 жыл. Серік Сапиев (69 келі)
🥇2013 жыл. Данияр Елеусінов (69 келі)
🥈2015 жыл. Данияр Елеусінов (69 келі)
🥉2017 жыл. Абылайхан Жүсіпов (69 келі)
🥉2019 жыл. Абылайхан Жүсіпов (69 келі)
🥇2023 жыл. Асланбек Шымбергенов (71 келі)

Exit mobile version