Фото: Акимат Астаны
Үндістанның Ахмедабад қаласында өтіп жатқан су спорты түрлерінен Азия чемпионатында қазақстандық арулар еркін бағдарламада өнер көрсетіп, жеңіс тұғырынан көрінді, деп хабарлайды елорда әкімдігінің ресми сайты.
Нәтижесінде әйелдер арасындағы командалық есепте қазақстандық қыздар 267.0639 ұпай жинап, алтын медальға ие болды. Өзбекстан құрамасы – 187.3013 ұпаймен күміс медаль еншілесе, Тайланд спортшылары 180.9401 ұпаймен үздік үштікті түйіндеді.
Ел намысын қорғаған Қазақстан құрамасы сапында Астана қаласының спортшылары – Ясмина Исламова, Әйгерім Құрманғалиева, Анна Павлецова, Валерия Столбунова және Жаклин Якимова өнер көрсетті.
Айта кетейік, Азия чемпионаты 10 қазан күні мәресіне жетеді. Айтулы додаға тоғыз елдің спортшылары қатысып, өзара бақ сынауда.