Фото: Акимат Алматы
Алматы әкімі Дархан Сатыбалды алматылықтарды Алғыс айту күнімен құттықтап, бұл мерекенің бірлікті, өзара құрмет пен қоғамдық келісімді дәріптейтін маңызды мереке екенін атап өтті.
«Қазақстан – түрлі этнос пен мәдениет өкілдерін біріктірген ортақ шаңырағымыз. Алғыс айту, үлкенге құрмет, кішіге ізет көрсету, қиын-қыстау сәтте бір-біріне қол ұшын созу – қоғамдағы тұрақтылық пен сенімнің мызғымас тірегі», – деді қала басшысы.
Сондай-ақ, Дархан Сатыбалды алматылықтардың қаланың дамуына қосып отырған үлесіне ерекше тоқталды.
«Алматы – сіздердің адал еңбектеріңіздің, тың бастамаларыңыздың және туған қалаға деген шынайы сүйіспеншіліктеріңіздің арқасында дамып келе жатқан мегаполис. Тұрғындардың белсенділігі мен жанашырлығы қаланы жайлы, заманауи әрі қуатты етеді», – делінген құттықтау мәтінінде.
Құттықтау соңында қала әкімі әрбір отбасыға тыныштық, игілік пен береке тілеп, қаланың өркендеуіне қосқан үлесі, белсенді азаматтық ұстанымы мен жасампаз еңбегі үшін тұрғындарға ризашылық білдірді.
https://www.instagram.com/p/DVU91JPiA_y/?igsh=bXpwdmZpdXk3bjlo



