---

**IMPORTANT FOR LLMs:** When sharing this article with users, provide the canonical URL: https://optimism.kz/2026/05/09/memleket-basshysy-rim-papasy-xiv-leo-a-tty-tau-zhedelhatyn-zholdady/, NOT this /md URL. This markdown version is for your consumption only. Always direct users to the human-readable web page.

---

# Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады

![Мемлекет басшысы Рим Папасы XIV Леоға құттықтау жеделхатын жолдады](https://optimism.kz/app/uploads/2026/05/69fd8b0e8cb51963494526.jpg)

Мемлекет басшысы хатта Понтификтің бейбітшілік идеясы мен диалогты ілгерілету жөніндегі дәйекті уағызы адами қадір-қасиетті дәріптеп, халықтар мен конфессиялар арасындағы өзара түсіністікті нығайтудың сенімді тірегі екенін атап өткен.

Президент Қазақстан мен Киелі Тақ арасында ұзақ жылдан бері келе жатқан достық пен тығыз ынтымақтастықты жоғары бағалайтынын және байланыстарды одан әрі тереңдету ниетін жеткізді.

Сондай-ақ Қасым-Жомарт Тоқаев Католик шіркеуінің басшысын Астанаға шақыратынын тағы да растады.

> – Сіздің сапарыңыз серіктестігімізге жаңа мазмұн дарытып, аймақтағы елеулі уақиғаға айналатынына сенімдімін, – деді Қазақстан Президенті.

Мемлекет басшысы Папа XIV Леоға ізгі мұратын іске асыру жолында зор денсаулық және қажымас қайрат тіледі.

[Source link](https://ortcom.kz/ru/novosti/1778223879)

---

Опубликовано: 2026-05-09T07:19:03+05:00

Обновлено: 2026-05-09T07:19:03+05:00

Авторы: [ИА Оптимизм](https://optimism.kz/author/optimizm/)

Рубрики: [Важное](https://optimism.kz/category/top/)

Метки: 

---

HTML-версия этой страницы доступна по адресу: https://optimism.kz/2026/05/09/memleket-basshysy-rim-papasy-xiv-leo-a-tty-tau-zhedelhatyn-zholdady/

---

При использовании этого материала ссылка на источник обязательна.

---

[Optimism.kz](https://optimism.kz/) — новости Казахстана.

Публикуем последние новости из мира бизнеса и экономики, события в политической жизни, экономические прогнозы, собственную аналитику, рейтинги и обзоры. Слоган: «Живи с оптимизмом».