17 июля 2026

Астанада Абай даңғылы жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Астанада Абай даңғылы жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады
Фото: www.gov.kz

Астанада Абай даңғылының Ә. Сембинов көшесінен А. Пушкин көшесіне дейінгі аралықта жол жабынына маршруттық жөндеу жүргізіледі, деп хабарлайды Optimism.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Осыған байланысты 17-25 шілде аралығында көрсетілген учаскеде көлік қозғалысы кезең-кезеңімен, жолақтардың жабылуымен ішінара шектеледі. Жұмыс жүргізу кезеңінде аталған аумақта көлік кептелісі туындауы мүмкін.

Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, қозғалысты ұйымдастыруда мүмкін болатын өзгерістерді ескеруі қажет.