23 июля 2026

Астанада Қ. Мұхамедханов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады

Астанада Қ. Мұхамедханов көшесі жөндеу жұмысына байланысты ішінара жабылады
Фото: www.gov.kz

Астанада 24-27 шілде аралығында Қ. Мұхамедханов көшесінің Ш. Айтматов көшесінен Қорғалжын тасжолына дейінгі аралығында жол жабынының үстіңгі қабатын төсеу жұмысы жүргізіледі, деп хабарлайды Optimism.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.

Осыған байланысты көлік қозғалысы жолдың бір жағымен екі бағытта ұйымдастырылады.
Жүргізушілер мен жаяу жүргіншілер жүру бағытын алдын ала жоспарлап, ықтимал өзгерістерді ескеруі қажет.