Астанада «Заң түні» әлеуметтік акциясы өтеді
Астанада «Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында 29 шілде күні «Заң түні» атты әлеуметтік акция ұйымдастырылады, деп хабарлайды Optimism.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасай отырып.
Іс-шара сағат 19:00-ден 21:00-ге дейін «Koktal» сауда-ойын-сауық орталығында (Н.Тілендиев даңғылы, 12а) өтеді.
Акция барысында елорда тұрғындары мен қонақтары мемлекеттік органдардың, Астана қаласы прокуратурасының және уәкілетті органдардың аумақтық департаменттері өкілдерінен құқықтық мәселелер бойынша тегін заңгерлік кеңес ала алады.
Мамандар азаматтарды толғандырған құқықтық сауалдарға жауап беріп, қолданыстағы заңнама талаптарын түсіндіреді.
#законипорядок #заңментәртіп